banner

2022 жылы йод ерітіндісі 50 пайызға жуық қымбаттаған

730

Былтыр қай қалаларда дәрі-дәрмек бағасы өсті.

2022 жылы йод ерітіндісі 50 пайызға жуық қымбаттаған

2022 жылғы желтоқсанда 2021 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда орта есеппен ел бойынша медикаменттер, емдеу жабдықтары мен аппаратура бағасы 15,2%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды inbussines.kz.

Ұлттық статистика бюросының редакция сауалына жолдаған жауабында йод ерітіндісінің 50 пайызға жуық қымбаттағанын атады.

"Оның ішінде жоғары баға өсімі йод ерітіндісіне (42,2%), ацикловирге (35,3%) және белсендірілген көмірге (38,4%) белгіленді. 2022 жылы фармацевтикалық өнімдерге орташа республикалық мәннен жоғары бағалардың өсуі Алматы қаласында (20,2%), Маңғыстау (17,9%), Жетісу (15,6%), Солтүстік Қазақстан (14,2%), Ақтөбе (14,0%) және Қарағанды облыстарында (13,9%) тіркелді", делінген баспасөз хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу