2022 жылы Қазақстан шетелден 28 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартты

516

Бұл – рекордтық көрсеткіш.

2022 жылы Қазақстан шетелден 28 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартты Фото: akorda.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жеткізу тізбегінің бұзылуы, инфляцияның өсуі және сауда-саттық шектеулер жаһандық экономиканың дамуына айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. 

Осыған қарамастан, Қазақстан сыртқы жағдайларға сәтті бейімделіп үлгерді деп сенімді түрде айта аламыз. Төрт айда экономиканың нақты өсімі 5 пайызды құрады. Бұл бұған дейін болжанған орташа әлемдік көрсеткіштен үш  есе көп. Экономикамыздың барлық негізгі секторында оң динамика байқалады", деді Мемлекет басшысы.

Былтыр Қазақстан шетелден 28 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартты. Бұл – рекордтық көрсеткіш. 

Бір айта кетерлік жайт, шетелдік инвесторлар шикізаттық емес секторға айрықша қызығушылық танытады. Халықаралық рейтинг агенттіктері де Қазақстанның инвестициялық әлеуетін растады. 

"Бүкіл әлемде протекционизмнің белең алуына қарамастан, ашық нарықтық экономикасы бар ел ретінде өз позициямызды нығайта түстік. Сыртқы сауда айналымы 32 пайызға өсіп,134 миллиард долларға жетті", деді Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу