2022 жылы "жасыл пойыз" жүйесі енгізіледі

1581

"Жолаушылар тасымалы" компаниясы қосымша 146 вагон сатып алмақ.  

2022 жылы "жасыл пойыз" жүйесі енгізіледі

Елімізде жыл сайын 100 жолаушы вагоны істен шығатын көрінеді. "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директорының HR және корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Асылхан Қалдыкөзов  осындай мәлімет айтты.

"Бүгінде вагондар пакрін жаңартудың стратегиясы жасалып жатыр. "ҚТЖ" компаниясымен бірге  "жасыл технологияларға" көшу көзделген.  Бізде қазір вагондар көмірмен жылытылады.  Компания алдағы 2-3 жылдың ішінде  көмірден мүлде бас тартып, "жасыл вагондар" жүйесіне көшпекші.  Мұның бәрі жолаушыларға мейлінше бапталған ауа мен  жасыл технологияға негізделген жылу ұсыну үшін жасалады. 2022 жылдан бастап компания  жасыл технологиямен жұмыс істейтін вагондарды сатып алуға көшеді және көмірден бас тартады", – деген компания өкілі 2020 жылы 140-қа жуық вагон сатып алатындарын атады.

"Жыл сайын 100 жолаушы вагоны істен шығады. Солардың орнын жаңа вагонмен толықтыру үшін  жыл басынан бері  63 вагон сатып алынды. 2020 жылы 146 вагон сатып алу көзделген. Оның 23-ін биыл алып үлгеру жоспарланып отыр. Осылайша вагон тапшылығы толықтай жойылады. Сондай-ақ, вагондардың қызмет көрсету мерзімін ұзарту үшін қолданыстағы вагондар паркін жаңғрту жоспарланған", – деді ол.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу