banner

2022–2024 жылдары инфляцияны 3-5 пайызға дейін төмендету көзделген

1038

Бас банк төрағасының баяндауынша, бағалау бойынша, инфляция болжамдық аралықта нысаналы дәлізде болады.

 2022–2024 жылдары инфляцияны 3-5 пайызға дейін төмендету көзделген

Ұлттық банктің негізгі мақсаты – инфляцияны 2019–2021 жылдары 4-6% шегінде сақтау және кейіннен 2022–2024 жылдары 3-5%-ға дейін төмендету. Үкімет отырысында бас банктің төрағасы Ерболат Досаев осылай деді.

Оның баяндауынша, бағалау бойынша, инфляция болжамдық аралықта нысаналы дәлізде болады.

"Биылғы сәуірдегі болжамның бірінші кезеңімен салыстырғанда біз 2019 жылға арналған импорт серпінін қайта қарадық. Бұл 2018 жылғы номиналды ЖІӨ бойынша нақты деректерді 59,6 трлн теңгеден 61,8 трлн теңгеге дейін және тиісінше 2019 жылы – 67,7 трлн теңгеге дейін нақтылаумен, яғни 2,2 трлн теңгеге өсумен байланысты. Нәтижесінде тауарлар импорты сәуірдегі $34 млрд-қа бағалаумен салыстырғанда 2019 жылы $33,7 млрд-қа бағаланады", – деді Ерболат Досаев.

2019 жылы ағымдағы шот тапшылығы 2018 жылғы нөлдік сальдомен салыстырғанда ЖІӨ-ден 2,7% құрайды. Ал 2020–2024 жылдары ағымдағы шот тапшылығы 2020 жылы ЖІӨ-ден 4,1%-дан 2023–2024 жылдары ЖІӨ-ден 2,3%-ға дейін болжанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу