2023 жылы 4 күндік жұмыс аптасы енгізілуі мүмкін

2590

Келер жылы аптасына 4 күн ғана жұмыс істеуіміз мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business. 

2023 жылы 4 күндік жұмыс аптасы енгізілуі мүмкін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі республиканың кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша түзетулер әзірледі.

Онда еңбек кодексінде көрсетілген 40 күндік жұмыс уақыты өзгермейтіні жазылған. Тек жұмыс күндерін жұмыс беруші мен атқарушының келісімі арқылы өзгерту мәселесі қарастырылып отыр. Яғни қызметкердің уақытына байланысты демалыс күнгі жүктемені басқа күндеріне ауыстырып, аптасына 3 күн демалыс алуына рұқсат етілмек.

Заң жобасында сондай-ақ бала күтіміндегі аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың еңбек шарттарына қатысты да бірқатар өзгеріс бар. Министрлік бұл құжатты келер жылы төменгі палаға таныстырмақ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу