2023 жылы "7-20-25" бағдарламасы жалғаса ма?

682

Келесі жылы "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы жалғаса ма? Тілшілердің бұл сауалына Мәжіліс кулуарында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді, деп жазады inbusiness.kz. 

2023 жылы "7-20-25" бағдарламасы жалғаса ма? Фото: el.kz

"Қазір жалғасып жатыр. Әлі де игерілмеген қаражат бар. Бірақ негізінен бұл бағдарламаны Ұлттық банк жүргізіп жатыр. Сондықтан да Ұлттық Банк тарапынан толық ақпарат ала аласыздар", - деп жауап берді ведомство басшысы.

Тілші "қаражат біткен жағдайда бағдарламаны қайта жалғастыруға мүмкіндік бола ма" деп сұрады. 

"Негізгі қаражат Ұлттық Банк тарапынан бөлінеді. Алдымен соны (игерілмеген қаражатты – ред.) игеріп алайық, одан кейін көре жатармыз", - деп түйіндеді министр.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу