2023 жылы Алматыда жастар театры салынады

Тағы бірқатар мәдени нысандарда жөндеу жұмысы жүргізілмек.   

2023 жылы Алматыда жастар театры салынады Фото: zhastar-theatre.kz

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХХІ сессиясында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтың ұсынысы бойынша келесі жылы мегаполисте жастар театры салынады. Сметалық-жобалау құжаттамасы мен орны дайын болған соң құрылысын бастаймыз", – деді қала әкімі.

Сонымен қатар Алматының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасы шеңберінде келесі жылы қолданыстағы мәдениет объектілерін жаңғырту қарастырылған.

"Алатау" дәстүрлі өнер театрына күрделі жөндеу жұмыстарына 2 млрд теңге бөлінбек. Қуыршақ театрын, қалалық архивті жаңғырту және кітапханаларды цифрландыру басталады.

"Сонымен қатар, биыл қазақ мемлекеттік циркінің ғимаратын жаңғыртуға, қазақ зағиптар қоғамы мен қазақ саңыраулар қоғамы үшін мәдениет үйінің жаңа ғимаратын салуға жобалау-сметалық құжаттама дайындадық", – деді Досаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу