2023 жылы АӨК субсидиялауға 500 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді

235

Егін және мал шаруашылығын қолдауға Үкімет резервінен тағы 60 млрд теңге бөлінді.  

2023 жылы АӨК субсидиялауға 500 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді

Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін субсидиялау саласындағы ахуал туралы айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Фермерлерге 14 бағыт бойынша қолдау көрсетіледі. Ал субсидиялар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің шығындарын өтейтін мемлекеттік қызметтерге жатады. Яғни, ауыл шаруашылығымен айналыспайтын бірде-бір өтініш беруші субсидия ала алмайды. 

Барлық қызметтер мемлекеттік ақпараттық жүйесінде көрсетіледі. Қазіргі таңда Gosagro.kz жүйесінде 90 мың пайдаланушы тіркелген. Бұрын қолданыста болған жеке жүйеден (Абоненттік төлем үнемі өсіп отыратын) тегін мемлекеттік жүйеге көшу фермерлерді мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды ұлғайтуға және шаруалардың жеке жүйеге қол жеткізгені үшін кететін шығыстарын 1 млрд теңгеге қысқартуға мүмкіндік берді. 2023 жылы субсидиялауға шамамен 500 млрд. теңге бөлінді: мал шаруашылығы бойынша-115,9 млрд. теңге; өсімдік шаруашылығы және қаржы құралдары бойынша-318,1 млрд.теңге. Сондай-ақ егін және мал шаруашылығын қолдауға Үкімет резервінен тағы 60 млрд теңге бөлінді.

Пайдаланушылардың көбеюі мемлекеттік ақпараттық жүйеде енгізілген "күту парағы" механизміне байланысты. Фермерге енді тиісті бюджетті күтудің қажеті жоқ, ол өзіне ыңғайлы кез-келген уақытта өтініш береді. Мақұлдауды алғаннан кейін өтінім "күту парағына" берілген уақыт бойынша қатаң кезекпен түседі және қосымша іс-қимылсыз одан әрі төлемді күтеді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы басқармалары ағымдағы өтінімді қарастырмай келесі өтінімге кіре алмайды. Өтінімдер тізілімі және "күту парағы" ашық қолжетімділікте орналастырылған.

Фермерлер арасында ең сұранысқа ие бағыттар: мал шаруашылығын субсидиялау (қаржыландыру көлемі – 115 млрд теңге); пестицидтерді субсидиялау (32 млрд теңге); тыңайтқыштарды субсидиялау (33 млрд теңге); инвестициялық субсидиялар (110 млрд теңге); тұқымдарды субсидиялау (11 млрд теңге); өнімді қайта өңдеуді субсидиялау (20 млрд теңге); пайыздық мөлшерлемені субсидиялау (83 млрд теңгеден астам).

Бүгінгі таңда 307 877 өтінім түсті және жалпы құны 401 млрд теңге құрайтын қолдау мақұлданды. Жыл соңына дейін шамамен 83 млрд теңге ай сайынғы төлемдермен пайыздық мөлшерлеме бойынша қабылданған міндеттемелер бар Сонымен қатар, жаңа субсидиялау жүйесінде енгізілген өтінімдер тізілімі ағымдағы жылдың соңына дейін бюджетті бағалауға және жоспарлауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу