2023 жылы Artsport бағдарламасы бойынша 560 мыңнан астам бала үйірмелерге тегін қатысады

Осы мақсатта 86,7 млрд теңге бөлінді. 

2023 жылы Artsport бағдарламасы бойынша 560 мыңнан астам бала үйірмелерге тегін қатысады Фото: liter.kz

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ведомствоның алқа отырысында балалардың спортпен, дене шынықтырумен тұрақты шұғылдануына жіті назар аударылатынын атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл ретте, мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыс бойынша жұмыстар жалғасын табады.

"Мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты жалғастыру мақсатында 2023 жылы 560 мыңнан астам бала мен жасөспірімді қамту үшін жергілікті атқарушы органдардан 86,7 млрд теңге бөлінді", – деді министр.

Айта кетсек, 2022 жылы 4 жастан 17 жасқа дейінгі 400 мыңнан астам бала мен жасөспірім 13 мың спорт секциясы мен шығармашылық үйірмелерге тегін баруға мүмкіндік алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу