2023 жылы елімізде 53,5 млрд текше метр газ өндіру жоспарланған

Алдағы жылы 28,2 млрд текше метр тауарлық газ өндірілмек.  

2023 жылы елімізде 53,5 млрд текше метр газ өндіру жоспарланған Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңындағы баспасөз конференциясында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"2022 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру көлемі 51,7 млрд текше метр немесе 2021 жылға қарағанда 96,1% деңгейінде күтілуде. 2023 жылға арналған газ өндіру жоспары 53,5 млрд текше метрді құрайды", – деді министр. 

Оның айтуынша, газ өндірудің төмендеуі мұнай өндіру деңгейіне байланысты. 

"Жыл қорытындысы бойынша тауарлық газ өндірісі 27,6 млрд текше метр немесе өткен жылға қарағанда 93,9%-ды құрайды. 2023 жылға арналған тауарлық газ өндіру жоспары – 28,2 млрд текше метр", – деді Болат Ақшолақов. 

2022 жылдың қорытындысы бойынша сұйытылған мұнай газын өндіру 2,82 млн тонна деңгейінде күтілуде, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 89,2% - ды құрайды. 2022 жылға арналған жоспар – 2,86 млн тонна.

Мұнай-газ-химия бөлігінде бүгінде майлау материалдары, полипропилен, метил-трет-бутил эфирі, бензол және параксилол өндірілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу