2023 жылы көлік айыппұлы мен салығының мөлшері қалай өзгереді?

865

Ең төменгі айыппұл мөлшері 10 мың теңгеден асып түседі.  

2023 жылы көлік айыппұлы мен салығының мөлшері қалай өзгереді? Фото: turkystan.kz

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК 387 теңгеге артып, 3 450 теңге болады. Осыған байланысты келер жылы айппұлдардың да мөлшері өседі, деп жазады inbusiness.kz.

Kolesa.kz-тің жазуынша, Қазақстанда жиі бұзылатын жол ережелері бойынша айыппұл мөлшерінің қалай өсетініне шолу жасады.

Ең төменгі айыппұл жүргізушінің тұрақ ақысын төлемегені үшін салынады. Оның мөлшері – 3 АЕК. Сәйкесінше айыппұл мөлшері биылғы 9 189 теңгеден 10 350 теңгеге дейін өседі.

Өзге ең жиі бұзылатын жол ережелері:

  • жылдамдықты 10-20 км/сағ асыру – 5 АЕК: 15 315 теңгеден 17 250 теңгеге;
  • бағдаршамның қызыл түсіне өту – 10 АЕК: 30 630 теңгеден 34 500 теңгеге өседі.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу