2024-ші жылы әлеуметтік салаға 9,9 трлн теңге көзделіп отыр – Смайылов

Экономиканың нақты секторында өңдеу өнеркәсібін дамытуға, бизнесті қолдауға, көлік инфрақұрылымын дамытуға және газдандыруға басымдық беріледі.  

2024-ші жылы әлеуметтік салаға 9,9 трлн теңге көзделіп отыр – Смайылов Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлім етті.

"Үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы, ең алдымен, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық және уақытылы орындауға, сондай-ақ экономиканың сапалы және орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған", – деді Премьер-Министр.

Айтуынша мұнайға деген ең төменгі бағаны ескере отырып, Ұлттық қорға кепілдендірілген трансферт мұнай секторынан түсетін түсімдер көлемінен аспайды.

Ал бюджет шығыстарының өсуі инфляцияны ескере отырып, ұзақ мерзімді экономикалық өсудің орташа деңгейінен аспайды.

"Жалпы, жан-жақты ойластырылған әрі теңгерімді бюджет жобасы қалыптастырылды. Ол бұрынғыдай әлеуметтік бюджет болып қала береді.

2024-ші жылы әлеуметтік салаға 9,9 трлн теңге көзделіп отыр", – деді Смайылов.

Экономиканың нақты секторында өңдеу өнеркәсібін дамытуға, бизнесті қолдауға, көлік инфрақұрылымын дамытуға және газдандыруға басымдық берілетін болады.

Үкімет басшысының айтуынша, жалпы, аталған салаларға 2024-ші жылы 2,8 трлн теңге бөлу жоспарлануда.

Отырыста аталған тәсілдер мақұлданып, заң жобалары мен Жарлық жобасы қабылданды.

"Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері Үкімет Аппаратымен бірлесіп, заң жобаларын және Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын Парламентке енгізуді қамтамасыз етсін", – деп түйіндеді Смайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу