2025 жылдан бастап кедейлік шегі медиандық табыс деңгейі арқылы анықталмақ

453

Әлеуметтік кодекс жобасы 5 бөлімнен, 19 тараудан, 267 баптан тұрады.

2025 жылдан бастап кедейлік шегі медиандық табыс деңгейі арқылы анықталмақ Фото: informburo.kz

2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі медиандық табыс деңгейі арқылы анықталатын болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлады.

Министидің сөзінше, бұл ретте Әлеуметтік кодексте балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көзделген. Атап айтқанда, бала күтімі бойынша берілетін төлемдердің мерзімін 1,5 жасқа дейін ұзарту, Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ын 18 жасқа дейінгі балаларға арналған бастапқы капитал ретінде енгізу, алтыдан көп баланы дүниеге әкелген аналарға наградталған ана деген жаңа мәртебе қаралып, жәрдемақы мөлшерін ұлғайту.

"Тағы бір маңызды өзгеріс – 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің орнына медиандық табыс деңгейі арқылы анықталады", - деді Тамара Дүйсенова Сенат отырысында.

Ведомство басшысы мүгедектігі бар адамға қызмет көрсетуге отбасы мүшелерін тарту көзделіп отырғанын жеткізді.

"Мүгедектігі бар адамдардың туыстары тиісті еңбекақы және әлеуметтік аударымдармен жеке көмекшілер немесе әлеуметтік қызметкерлер ретінде рәсімделетін болады", - деп атап өтті министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу