2025 жылға дейін Екібастұз экономикасына 737 млрд теңге инвестиция тартылады

872

Қалалардың инфрақұрылымдық дамуына да ерекше көңіл бөлінеді. 

2025 жылға дейін Екібастұз экономикасына 737 млрд теңге инвестиция тартылады

Павлодар облысы елдегі ең урбанизацияланған өңірлердің бірі, тұрғындарының 71%-ы – Павлодар, Ақсу және Екібастұзда тұрады. Бұл туралы өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов елордада өткен есеп беру кездесуі барысында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Биыл президенттің тапсырмасымен Екібастұздың 2025 жылға дейінгі кешенді даму жоспары әзірленді. Ол 4 блоктан және 114 іс-шарадан тұрады", – деп атап өтті өңір басшысы.

Олардың 90%-ы жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылмақ. Бюджеттік қаражат негізінен қаланың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға жұмсалады. Оның ішінде Екібастұзда шығармашылық орталығы, мұз айдын, музей салынады және 20 мектебінде жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.  

"Әзірленген құжат барлық саланы қамтиды. Оны жүзеге асырудан күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер: 16,5 мың жаңа жұмыс орны, орташа жалақының 43%-ға өсуі, 200 мың шаршы метр жаңа тұрғын үй, өнеркәсіптік өндірістің 1 трлн теңгеге дейін артуы, 737 млрд теңге инвестиция тарту", – деді Әбілқайыр Сқақов.

Айта кететіні биыл Ақсудың 60 жылдығы аталып өтті. Бұл шағын қаланың тұрғындары елдің әлеуметтік-экономикалық өсуі үшін үлкен өлес қосып келеді. 

"Ақсу металлургтері мен энергетиктері жылына 1 млн тоннадан астам ферроқорытпа және республиканың барлық электр энергиясының 17%-ын өндіреді. Инфрақұрылымды дамытуға тоқталсақ, Ақсуда 28,5 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр, оған қоса әлеуметтік осал топтардың өкілдері үшін 16 пәтер сатып алынады. "Заманауи мектеп" өңірлік бағдарламасы бойынша 2 мектепті жаңғырту аяқталуға жақын. Келесі жылы Мұз сарайының құрылысын аяқтау жоспарланған", – деп хабарлады спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу