2025 жылға қарай орташа инфляцияны 3-4% деңгейіне жеткізу көзделген

Бұл туралы  Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтің "Ақша-кредит саясатының стратегиялық мәселелері. Жаңа экономикалық сын-қатерлер" атты ІІІ ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

2025 жылға қарай орташа инфляцияны 3-4% деңгейіне жеткізу көзделген Фото: zakon.kz

"Біздің бірінші сессиямыз – Қазақстан үшін инфляция бойынша нысаналы бағдардың оңтайлы деңгейін бағалау және анықтау. Былтыр бұрын-соңды болмаған күтпеген өзгерістер жағдайында біз Ұлттық банктің стратегиялық жоспарында инфляцияның нысаналы мәндерінің ішкі экономикадағы және өзгермелі сыртқы ортадағы жағдайларға сәйкестігін бағалауды белгіледік. Ақша-кредит саясатына шолу жүргізу қажеттілігі бүкіл әлемде тап болған оқиғаларға байланысты. Covid-19 пандемиясының теріс салдары, логистикалық тізбектегі үзілістер мен шектеулі ұсыныс аясында кейіннен орын алған фискалдық және монетарлық ынталандыру инфляция кеңінен жеделдеуіне әкелді", – деді спикер.

Айтуынша, 2022 жылы геосаяси тәуекелдің басталуы онсыз да шиеленісті экономикалық жағдайды ушықтырды және даму дәрежесіне қарамастан, барлық елде инфляцияның рекордты өсуіне әкелді. Экономиканың теңгерімсіз құрылымы кезінде эмиссиялық қаржыландыру түріндегі ішкі проинфляциялық факторлар инфляцияның рекордты жеделдеуіне қолайлы негіз болды.

"Соңғы жылдары біз жоғары құбылмалылық пен белгісіздік жағдайында өмір сүріп, шешім қабылдап келеміз. Ондаған жылдар бойы қалыптасқан экономикалық байланыстар өзгеріп отыр. Сауда құрылымы өзгерді. Бұл жаңа экономикалық шындық оңтайлы ақша-кредит саясатын жүргізу үшін дайын болуды қажет етеді. Осыған байланысты, біз инфляцияның нысаналы бағдарларының қалыптасып отырған сын-қатерлерге сәйкестігін талқылап, жағдайды, біздің міндеттерімізді тұжырымдауды және Ақша-кредит саясатының стратегиясында белгіленген инфляция бойынша 2025 жылдан бастап 3-4%-ық орта мерзімді мақсатқа қол жеткізуді бағалағымыз келеді", – деді Ақылжан Баймағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу