2025 жылы елімізде 335 мың бала дүниеге келді

168

Ұлттық статистика бюросы өткен жылғы елдегі туу көрсеткішін жариялады.    

2025 жылы елімізде 335 мың бала дүниеге келді Фото: aa.tr

2025 жылдың 12 айында Қазақстанда 335 мың бала дүниеге келді. Олардың 51,5% ұлдар, 48,5% – қыздар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ресми дерекке сүйенсек, туудың ең жоғары коэффициенті Түркістан (1 мың тұрғынға шаққанда 22,22 сәби), Маңғыстау (21,40) облыстарында және Шымкент қаласында (21,76) тіркелді.

Туу көрсеткішінің негізгі үлесі 25-29 жас аралығындағы әйелдерге – 27%, сондай-ақ 30-34 жас аралығындағы әйелдерге – 26,1% тиесілі.

Былтыр 20 жасқа дейінгі қыздар 10,4 мың баланы, ал 50 жастан асқан әйелдер 148 баланы дүниеге әкелген. 20 жасқа дейін босанған аналардың саны Түркістан облысында басым болса, 50 жастан асып дүниеге нәрсе әкелген аналар саны Алматы қаласында көп.

Былтыр туған балалардың 24% (79,8 мыңы) отбасының тұңғышы атанса, кезек саны бойынша отбасында төртінші болып 53,5 мыңнан астам бала дүниеге келген (жалпы 16%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу