2025 жылы қазақстандық сәбилерге қойылған ТОП-10 есім белгілі болды

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының телеграмдағы ресми арнасы хабарлады.

2025 жылы қазақстандық сәбилерге қойылған ТОП-10 есім белгілі болды Фото: astanazan.kz

Биыл ұлдар арасында Мұхаммед, Алихан, Айсұлтан, Омар және Алдияр есімдері ең танымал болған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Былтырғы жылмен салыстырғанда ұлдарға қойылған танымал есімдер тізімі өзгеріссіз қалып отыр. 

Аймақтық тұрғыдан алғанда, ұлдарға ең жиі қойылған есімдер – Мұхаммед пен Алан. 

– 2025 жылы дүниеге келген қыздарға көбіне Айлин, Асылым, Медина, Айша және Томирис есімдері берілген. 

Аймақтарды алып қарасақ, Айлин есімі ең танымал болып шықты, 20 аймақтың 16-сында осы есім ең танымал болған. Биылғы қыздар есімдері арасында да алғашқы бестік былтырғы тізіммен бірдей болып шықты, – деп жазады Ұлттық статистика бюросының телеграмдағы ресми арнасы. 

Еске салайық, осы жылы орыс ұлтының өкілдері арасында ең танымал есімдер Ева мен Мирон болған. Ал өзбек ұлтының өкілдері арасында Мухаммад пен Хадича есімдері көш басында тұр. 

Белгілі уақыт аралығында аймақ, ұлт, жыныс бойынша танымал болған есімдерді бюроның "Танымал есімдер" сервисі арқылы білуге мүмкіндік бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу