2025 жылы Khorgos Gateway арқылы жүк тасымалы артты

105

Өткен жылы Құрғақ порт аумағында 10 жаңа кең табанды теміржол желісі салынды. 

2025 жылы Khorgos Gateway арқылы жүк тасымалы артты Фото: onthenewsilkroad.com

2025 жылы "Khorgos Gateway" арнайы экономикалық аймағындағы Құрғақ портта 372 мыңнан астам жиырма футтық балама бірлік (ЖФБ) өңделді. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 2 пайызға жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгінде порт Қытай – Еуропа және Қытай – Орталық Азия бағыттары бойынша трансшекаралық жүк тасымалындағы маңызды жүк тиеу торабына айналды.

Өткен жылы Құрғақ порт аумағында 10 жаңа кең табанды теміржол желісі салынды. Сондай-ақ контейнерлерді жедел өңдеу үшін инфрақұрылымды интеллектуалды жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ауыстырып тиеу уақыты бес сағаттан бір сағатқа дейін қысқарды.

Khorgos Gateway – Ляньюньган қаласындағы логистикалық базадан кейінгі логистика саласындағы екінші қытай-қазақстандық бірлескен жоба. Оның құрамына қытай-қазақстандық теміржол станциясы, бидайды ауыстырып тиеу терминалы және контейнерлік алаң кіреді.

Арнайы экономикалық аймақтың артықшылықтары түрлі салалардағы кәсіпорындардың Құрғақ портқа шоғырлануына мүмкіндік беріп, өңдеу өнеркәсібі мен логистика саласының дамуына серпін беріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу