Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы деректеріне сәйкес, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 11,5%-ға жоғары, ол кезде мұнда 4,3 млн адам демалған. Барлық келушілердің 17,3%-ын шетелдіктер құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ең көп демалушыны Алматы тау кластері қабылдады – 2,9 млн адам. Екінші орында Щучинск-Бурабай курорттық аймағы – 463,1 мың қонақ, ал үшінші орында Маңғыстау аймағы – 370,1 мың адам демалған.
Сондай-ақ ең танымал аймақтардың бестігіне мыналар кірді:
• Балқаш туристік аймағы – 182,9 мың келуші
* Жетісудағы Алакөл курорттық аймағы – 149,1 мың турист
2025 жылы курорттық аймақтардағы орналастыру орындары көрсеткен қызметтердің жалпы көлемі 198,5 млрд теңгені құрады.
Жалпы ел бойынша курорттық аймақтарда туристерді жыл бойы қабылдайтын 1 856 орналастыру орны бар.