2026-2028 жылдары елімізде инфляция 5 пайызға дейін төмендейді

336

Ал келер жылы 6-8 пайыз деңгейінде айқындалды.

2026-2028 жылдары елімізде инфляция 5 пайызға дейін төмендейді

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы туралы баяндады, деп жазады inbusiness.kz.

"Болжамды қалыптастырудың негізіне мұнай бағасы барреліне 80 доллар болғандағы базалық сценарий алынды. Болжам бойынша 2024 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 5,3 пайызды құрайды, кейін 2028 жылы 6 пайызға дейін өседі. 5 жыл ішінде жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсуі 5,8 пайыз болады. Номиналды жалпы ішкі өнім 2024 жылы 135 трлн теңгеге дейін, 2028 жылы 218,5 трлн теңгеге дейін өседі", - деді ол Мәжілісте өткен комитет отырысында.

Спикер экономиканың барлық базалық саласында өсім күтілетінін жеткізді. 

Мәселен, өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқыны 4 пайызды, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 4,9 пайызды, тау-кен өндіру өнеркәсібінде 3,1 пайызды құрайды. 

"Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің орташа жылдық өсімі 4,5 пайызды құрайды. Құрылыс саласында болжамды өсу орта есеппен 8,8 пайызды, саудада 7,4 пайызды құрайды. Экспорт көлемі 2024 жылы 83,1 млрд доллардан 2028 жылы 94,8 млрд долларға дейін ұлғаяды. Импорт 60,7 млрд доллардан 65,6 млрд долларға дейін өседі. Инфляция 2024 жылы 6-8 пайыз, 2026-2028 жылдары 5 пайызға дейін төмендейді", - деді Азамат Әмрин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу