2026 жылдың 10 айында ҚТЖ ұн, құрама жем және көкөніс тасымалын арттырды

338

Экспорт көлемі бірқатар бағытта өсті.

2026 жылдың 10 айында ҚТЖ ұн, құрама жем және көкөніс тасымалын арттырды Фото: adyrna.kz

2026 жылдың қаңтар-қазан айларында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ желісі бойынша 2,4 млн тонна ұн өнімдері тасымалданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға көп. Оның ішінде экспортқа 2 млн тонна жөнелтілді. Бұл көрсеткіш бір жылда 19%-ға өскен. Орталық Азия елдеріне 734 мың тонна өнім жеткізілген, өсім – 13%.

Қытайға құрама жем экспорты да артты. Он айда бұл көрсеткіш 32%-ға өсіп, 3,4 млн тоннаға жетті. Оның ішінде контейнерлермен 3,1 млн тонна (+28%), жабық вагондармен 286 мың тонна тасымалданған. Соңғы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Биылғы егін жинау маусымы басталғалы бері тасымал көлемі одан әрі ұлғайған. Тамыз-қазан айларында 774 мың тонна ұн өнімі тасымалданып, өсім 10%-ды құрады. Оның ішінде 652 мың тоннасы экспортқа жөнелтілген. Ал Қытайға 1,1 млн тонна құрама жем жеткізіліп, көрсеткіш 13%-ға өскен.

Көкөніс, оның ішінде картоп тасымалы 53%-ға артып, 478 мың тоннаны құрады. Оның 463 мың тоннасы экспортқа жөнелтілген. Өнімнің негізгі бөлігі Өзбекстанға жеткізілді. Көрші елге 349 мың тонна (+52%) өнім жөнелтілсе, Тәжікстанға 54 мың тонна жеткізілген. Бұл шамамен төрт есе өсімді көрсетеді.

ҚТЖ жүк жөнелтушілермен, вагон операторларымен және көршілес теміржол әкімшіліктерімен бірлесіп, азық-түлік жүктерін тасымалдауды ұйымдастыру жұмыстарын жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу