2026 жылдың алғашқы 2 айында бюджет кірістері жоспардан асты

82

Оң динамика негізгі бюджет құраушы салықтар есебінен қамтамасыз етілді. 

2026 жылдың алғашқы 2 айында бюджет кірістері жоспардан асты Фото: canva

2026 жылдың қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша республикалық бюджет кірістері жоспарға сай және тұрақты түрде орындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттің салықтық түсімдері бойынша жоспардың орындалуы 113,7 құрады, бюджетке 2 979,0 млрд теңге түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 677,5 млрд теңге немесе 129,4%.

Оң динамика негізгі бюджет құраушы салықтар есебінен қамтамасыз етілді. Корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша өсу қарқыны 116,9% (+118,0 млрд теңге), Қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша 138,8% (+428,6 млрд теңге) құрады.

Сонымен қатар, ақпараттық кеңістікте бұрын 2026 жылдың қаңтар айындағы деректерге негізделген сараптамалық бағалаулар пайда болды.

Айта кету керек, мұндай қорытындылар бюджет кірістерінің шынайы жағдайын толық көрсетпейді. Себебі 2025 жылдың төртінші тоқсанына қатысты кейбір негізгі төлемдер 2026 жылдың 25 ақпанына дейін төленеді.

Тиісінше, түсімдердің едәуір бөлігі дәстүрлі түрде ақпан айының қорытындысы бойынша қалыптасады. Нәтижесінде, 1 наурызға ҚҚС бойынша жоспардың орындалуы 119,8%-ды құрайды немесе жоспар 1 281,0 млрд теңге, нақты түсім 1 534,5 млрд теңге.

"Екі айдың қорытындысы бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуын объективті сипаттайды және кірістердің тұрақты өсуін және алдын ала теріс бағалауға негіздердің жоқтығын растайды. Нақты деректер салық түсімдерінің оң динамикасын және ағымдағы макроэкономикалық жағдайларға сәйкес келетінін көрсетеді", – деп атап өтті комитет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу