XXIII әлем біріншілігі тарихта алғаш рет бірден үш елде — АҚШ, Канада және Мексиканың 16 қаласында ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаһандық жарыста алғаш рет 48 құрама бақ сынайды. Турнир аясында жалпы 104 матч өтеді.
Футболсүйер қауым чемпионат матчтарын "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарының тікелей эфирінде және олардың сайттарында тамашалай алады.
Айта кетейік, бұған дейін де футболдан әлем чемпионатына қатысты жаңалықтарды жариялағанбыз. Мәселен, Иран ұлттық құрамасы әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін. Сонымен бірге, шетелдік футбол жанкүйерлеріне АҚШ-қа кіру үшін төлем қажет болмайды.
Одан бөлек, 50 Cent, Nelly, Diplo ӘЧ-2026 концерттерінің хедлайнерлері болады.
Сондай-ақ, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына шыққан барлық құрама анықталған болатын.
Ал футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы 19 шілдеде сағат 15:00–де Нью-Джерси штатының Ист-Ратерфорд қаласындағы "Метлайф" стадионында өтеді.