2026 жылғы қаңтар: Қазақстандағы инфляция 12,2% деңгейінде қалыптасты

219

2026 жылдың қаңтар айында Қазақстандағы инфляция 1% болды.   

2026 жылғы қаңтар: Қазақстандағы инфляция 12,2% деңгейінде қалыптасты Фото: Finratings.kz

Азық-түлік тауарларының бағасы – 0,8%, азық-түлік емес тауарлар – 1,2%, ақылы қызметтер – 1,1% өсті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Азық-түлік өнімдері арасында қияр бағасы – 7,3%, алма – 4,1%, күріш – 0,7% төмендеді. Ал тұз – 0,9%, май құрамындағы шпроттар – 0,6%, жасымық – 0,2% қымбаттады.

Азық-түлік емес тауарлар сегментінде ас үй ыдыстары жиынтығы – 7,1%, электр еттартқыш – 2,8%, жаңа жеңіл автокөліктер – 2,2% арзандады. Баға деңгейі ноутбукке – 4,3%, ыдыс жуатын құралдар мен мотор майына 1%-дан өсті.

Қызметтер саласында жаттығу залдарының қызметі – 1,2%, киімдерді химиялық тазалау – 0,7%, шет тілдерін оқыту курстары – 0,2% қымбаттады.

Жылдық есепте 2026 жылғы қаңтарда инфляция 12,2%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары 12,9%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 11,7%-ға, ақылы қызметтер – 12%-ға өсті.

Жылдық мәнде картоп – 7%, сарымсақ – 4,9%, тәтті бұрыш – 2,6%, курага – 1,1% арзандады. Ал мейіз – 7,7%, ашытқы – 4,6% қымбаттаған.

2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда суэмульсиялық бояулар – 9,2%, әйелдерге арналған сөмкелер – 6,7%, жуғыш ұнтақ – 6,3%, төсек-орын жабдығының жиынтығы мен кір сабын 5,9%-дан өсті.
Мектептен тыс музыканы оқыту сабақтары – 2,3%, ұялы телефонды жөндеу – 2,2% қымбаттаған.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексі ай сайын есептеледі. Бақылау 537 түрлі тауар мен қызмет түрі бойынша жүргізіледі. Инфляция динамикасын 2018 жылдан бергі деректерді қамтитын арнайы интерактивті дашбордтан көруге болады.

2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағалары индексін есептеуде азық-түлік тауарларының үлесі – 41,1%, азық-түлік емес тауарлар – 28,4%, ақылы қызметтер – 30,5%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу