2026 жылы Қазақстанға Ресейден төрт Амур жолбарысы жеткізіледі

100

Елімізде түрлердің бұрынғы тарихи мекендерінде жойылып кеткен популяцияларын қалпына келтіру бағытында шаралар қабылданып жатыр. 

2026 жылы Қазақстанға Ресейден төрт Амур жолбарысы жеткізіледі  Фото: ortcom_kz

Ең ауқымды бастамалардың бірі – жолбарысты Қазақстанның табиғатына қайтару жобасы. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, 2018 жылы жалпы аумағы 415 мың гектардан асатын "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты құрылды. Онда тоғайлы ормандарды қалпына келтіру және аумақты қорғау мен бақылау инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүргізілді.

"3,5 гектар аумақта жолбарыстарға және қабандарға арналған вольерлер, ветеринариялық пункт салынды. 2024 жылдың күзіңде Нидерландтағы Hoenderdaell хайуанаттар бағынан "Іле-Балқаш" резерватына екі жолбарыс жеткізілді. Қазіргі уақытта олар тәулік бойы мамандардың бақылауында. Келешекте жолбарыстан ұрпақ алғаннан кейін олар спутниктік бақылаумен табиғи ортаға жіберіледі деп жоспарланған. Ал ата-аналық жұп ғылыми және ағартушылық мақсаттарда визит-орталық жанындағы вольерде қалады. 2026 жылы Ресейден 3-4 жолбарысты әкелу жоспарланған", - деді спикер баспасөз конференциясында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу