2026 жылдан бастап қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдауға өңірлік квота белгіленеді

116

Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.  

2026 жылдан бастап қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдауға өңірлік квота белгіленеді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомство басшысының "2026 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу туралы" бұйрығының жобасын әзірледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жобаға сәйкес, өңірлердің демографиялық ахуалы мен еңбек ресурстарына деген қажеттілігі ескеріледі.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын ескере отырып, қандастар мен қоныс аударушыларды оңтайлы орналастыру үшін өңірлік квота белгілеу көзделген.

Бұйрық жобасы 9 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылаудан өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу