2026 жылы ЖІӨ-нің өсуі болжам бойынша 5,4% болады

131

Үкімет отырысы басталды. 

2026 жылы ЖІӨ-нің өсуі болжам бойынша 5,4% болады Фото: gov.kz

Премьер министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы базалық нұсқа негізінде қалыптастырылған. Базалық нұсқаға сәйкес 2026 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі болжам бойынша 5,4%, 3 жылдағы орташа жылдық өсім – 5,3%-ды құрайды. Номиналды ЖІӨ 2026 жылы 183,8 трлн теңгеден 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге дейін өседі. Экономиканың өсуі нақты сектор мен қызмет көрсету саласындағы өсіммен қамтамасыз етілетін болады. Өңдеуші өнеркәсіпте инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен өсу қарқынының 2026 жылғы 6,2%-дан 2028 жылы 6,6%-ға дейін ұлғаюы болжанады", – деді Серік Жұманғарин.

Тау-кен өнеркәсібіндегі үш жылдағы орташа өсім 2,8%, ауыл шаруашылығында – 3,9%, құрылыста – 11,0%, көлік қызметтерінде – 10,1% және саудада – 6,7%.

"Оң сауда балансы сақталады. Экспорт болжам бойынша 2026 жылы 77,1 млрд АҚШ долларынан 2028 жылы 83,7 млрд АҚШ долларына дейін, импорт – 67,7-ден 75,2 млрд АҚШ долларына дейін өседі. Инфляция болжамы 2026 жылы шамамен 10,0% аспайды, 2027 және 2028 жылдары 6,0% сатысында", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу