Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі

74

Өзгерістер көлікке, кәсіпорындарға және жеке секторға әсер етеді.  

Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі Фото: Алматы қаласының әкімдігі

2027 жылдан бастап Алматыда экологиялық талаптар күшейтіледі. Бұл жоспар кезең-кезеңімен іске асырылып, зиянды шығарындыларды азайтуға бағытталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, автокөліктер үшін катализаторларды міндетті түрде пайдалану және шығарындылар нормаларын сақтау секілді бірқатар талап енгізіледі.

III санаттағы нысандар үшін сүзгілерді міндетті орнату, шаң басатын технология енгізу, тұрақты зертханалық өлшемдер жүргізу және экологиялық таза отын түрлеріне көшу талап етіледі.

Сондай-ақ, ережеге сәйкес, қаланың газдандырылған аудандарында қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынады. Бұл шаралар ауа ластануын азайтып, қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді деп болжанып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу