2027 жылдан бастап Астанада жер салығын есептеу тәртібі өзгереді

147

1 қаңтардан бастап Астанада жер учаскелері салық салу мақсатында аймақтарға бөлінеді.  

2027 жылдан бастап Астанада жер салығын есептеу тәртібі өзгереді Фото: nalogikz.kz

Бұл Астана қалалық мәслихатының шешімімен бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатқа сәйкес, әр салықтық аймақ үшін жер салығының базалық мөлшерлемесін арттыру немесе төмендету көзделген. Осыған байланысты жер салығы барлық учаске иелері үшін бірдей өспейді – нақты сома жердің орналасқан аймағына байланысты есептеледі.

Жер учаскесінің иелері өз аумағының қай салықтық аймаққа кіретінін бекітілген картадан анықтап, оған қолданылатын пайыздық түзетуді тексере алады. Сонымен қатар белгіленген арттыру және төмендету мөлшерлемелері Салық кодексінің 581-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.

Жаңа тәртіп 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Жер салығының нақты мөлшерін анықтау үшін учаскенің орналасқан жері мен оған белгіленген салықтық аймақ ескеріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу