2027 жылға дейін елордада 177 мың орындық 65 мектеп пайдалануға беріледі

444

Елордада барлығы 171 мектеп бар, онда 260 мыңнан астам бала оқиды. 

2027 жылға дейін елордада 177 мың орындық 65 мектеп пайдалануға беріледі Фото: inbusiness.kz

Үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін биылдың өзінде елордада 11 мектептің, соның ішінде 13 600 орындық 10 мектептің құрылысы басталды. 2023-2026 жылдар аралығында екі ауысымда оқытатын барлығы 177 мың орынға арналған 65 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.

Еске салайық, бұған дейін оқу-ағарту министрі елордадағы бірқатар мектептерді, соның ішінде үш ауысымда оқытатын білім ошақтарын жеке өзі тексерген болатын. Ата-аналар қауымымен кездесулер өткізіп, білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тегін тамақтандыру мен балалар үшін жайлы жағдай ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу