2027 жылы медицина саласын қаржыландыру ЖІӨ-нің 5%-на дейін жетеді — Үкімет

417

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Қазақстанның денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

2027 жылы медицина саласын қаржыландыру ЖІӨ-нің 5%-на дейін жетеді — Үкімет Фото: primeminister.kz

Өткен жылдың қорытындысына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі шамамен $540 млн құрады, деп жазады inbusiness.kz.

"Жалпы, Үкімет 2027 жылға қарай медицина саласын қаржыландыру деңгейін ЖІӨ-нің 5%-на дейін жеткізе отырып, аталған саланы дамытудың тұрақты моделін құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған орай біз инвестициялар мен озық технологиялар тартуға мүдделіміз", — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр Үкімет қабылдап жатқан шаралар саланың инвестициялық тартымдылығына оң әсерін тигізетінін айтты. Мәселен, өткен жылдың қорытындысына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі шамамен $540 млн-ды құрап, 30%-ға өсті. Сонымен қатар соңғы 7 жылда фармацевтика нарығының көлемі 2,9 есеге артты, делінген Үкімет баспасөз қызметі хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу