2027 жылы ҰБТ форматы тағы өзгеруі мүмкін

122

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова айтты.

2027 жылы ҰБТ форматы тағы өзгеруі мүмкін Фото: ҰТО

2027 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу форматы ілкі жоба ретінде өзгеріске ұшырауы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Америкалық компаниямен енді жұмыс істей бастаймыз. Бастапқы кезең процесі – келіссөздер, меморандум жасасу болды. Бұл бір күннің не бір жылдың жұмысы емес екені түсінікті. Ол барынша ұзаққа созылады және кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, осыған орай, алдағы 2026 жылы ҰБТ-ның форматы да, мазмұны да өзгермейді", – деді вице-министр.

Осы орайда ол ҰБТ форматын өзгерту ілкі жоба ретінде 2027 жылдан бастап кезең-кезеңмен қолға алынуы мүмкін екенін айтты.

"Әрине, бұл мәселелердің бәрі қоғамға, балалар мен талапкерлерге міндетті түрде жеткізіледі", – деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, ҰБТ-ның барлық тест сұрақтары бірнеше кезеңнен тұратын сараптамадан өтеді. Содан кейін ғана ҰБТ-ға енгізіледі.

"Сарапшылар тобы құрылып, оның құрамына ғалымдар, пән мұғалімдері кіреді. Сондықтан сұрақтар жан-жақты талқыланып, сараптамадан өтеді. Соған кейін ғана қолдануға жіберіледі", – деді Гүлзат Көбенова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу