2028 жылы Дүниежүзілік мұнай кеңесінің конгресі Астанада өтеді

253

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Сауд Арабиясы Корольдігінің ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Фейсал Әл-Кахтанимен кездесу өткізді.  

2028 жылы Дүниежүзілік мұнай кеңесінің конгресі Астанада өтеді Фото: gov.kz

Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ "ОПЕК+" аясындағы өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және заманауи "жасыл" технологияларды енгізу мәселелерін талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ерлан Ақкенженов Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы энергетикалық әріптестікті одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, әлемдік энергетика нарығын дамыту мәселелері бойынша тұрақты диалог пен ұстанымдарды үйлестірудің маңыздылығына тоқталды.

Ерекше назар Эр-Риядта өтетін Дүниежүзілік мұнай кеңесінің алдағы конгресіне аударылды. Қазақстан Конгресті басым жобаларды ілгерілету, іскерлік байланыстарды кеңейту және мұнай-газ саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаң ретінде қарастырады.

Кездесу барысында Қазақстанның 2028 жылы Астанада Дүниежүзілік мұнай кеңесінің кезекті конгресін өткізуге дайындалып жатқаны да атап өтілді. Тараптар іс-шараны дайындау және өткізу барысында тығыз өзара іс-қимыл жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар мемлекетаралық өзара іс-қимыл тетіктерін одан әрі жетілдіру мәселелерін де талқылап, энергетикалық ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша энергетика саласындағы әріптестік қатынастарды одан әрі нығайтуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілік расталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу