Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев мемлекеттік борыштың шекті мөлшерден асып кеткеніне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Депутаттың айтуынша, қазірдің өзінде мемлекеттік борыш көлемі шекті межеден асып кеткен. 2028 жылға қарай жалпы қарыз 57,5 триллион теңгеге жетіп, оған қызмет көрсету шығындары 4,5 триллион теңге болады. Ол квазимемлекеттік сектордың шамадан тыс қарызына алаңдайтынын жеткізді.
– 2026 жылға қарай квазимемлекеттік сектордың борышы 70 миллиард долларға жетеді. Бұл жалпы ішкі өнімнің 20,5 пайызы. Яғни ел экономикасының айтарлықтай бөлігі осы секторға тәуелді. Осылайша, мемлекет өзін-өзі борышқа тіреп отыр. Егер осы саясатты өзгертпесек, ертең біз қарызды емес, қарыз бізді басқаратын жағдайға жетуіміз мүмкін. Бұл – тек Үкіметті ғана емес, Парламентті де алаңдататын мәселе, – деді Елнұр Бейсенбаев.