Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттік шекара бойында 52 өткізу пункті жұмыс істейді. Еуразия экономикалық қауымдастығы елдері арасында 38 пункт, сыртқы шекарада 14 пункт бар.
Биыл Бесағаш, Қарасу, Сырым, Әлімбет, Жаңа Жол және Қосақ өткізу пункттерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жоспарланған. Қаржыландыру көлемі 51 млрд теңгені құрайды.
– Республикалық маңызы бар автожолдар желісінде 1500-ге жуық жол бойындағы қызмет көрсету нысандары орналасқан. 2025 жылы жеке инвестициялар есебінен қосымша 36 жаңа нысан ашу жоспарлануда. Оның ішінде: 22 жанармай құю станциясы және 14 кафе. Жол пайдаланушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында туристік нысандарға апаратын бағыттарға 37 жаңа санитарлық торап орнату жоспарланған. Нәтижесінде, республикалық автожолдар бойындағы санитарлық тораптардың саны 181 бірлікке жетпек, – деді Дархан Иманашев.
2025 жылы автожолдардың сақталуын қамтамасыз ету үшін 28 жаңа автоматты өлшеу станциясын орнату жоспарланған.
Қазіргі таңда жолдардың бойында 22 автоматты өлшеу станциясы жұмыс істеп тұр.