Мемлекет басшысы: 2030 жылға қарай еліміздегі бидай түсімі 40%-ға азаюы мүмкін

654

Мемлекет басшысы Орталық Азиядағы климаттың жылыну жеделдігі алаңдаушылық туғызып отырғанын мәлім етті. 

Мемлекет басшысы: 2030 жылға қарай еліміздегі бидай түсімі 40%-ға азаюы мүмкін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан "Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы" деп аталатын халықаралық конференциясында климаттың өзгеруы еліміздегі бидай шаруашылғына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Орталық Азиядағы климаттың жылыну жеделдігі алаңдатып отыр. Осы орайда шұғыл шара қабылдау қажет. Әсіресе, бұл су мен азық-түлік қамсыздығын, қауіпсіздігін сақтау жағы өте маңызды. Қазақстан жылына 7 млн тоннадай бидай экспорттап, азық-түлік бидайы мен ұн өндірушілердің ірі ондығына кіріп отыр", – деді Президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша,  2030 жылға қарай бидайдың түсімі 40%-ға дейін төмендеуі мүмкін.

Ескере кететін жайт, Нұр-Сұлтан қаласында "Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы" халықаралық конференциясы өтіп жатыр. Бұл шараға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, сондай-ақ БҰҰ-ның жоғары лауазымды тұлғалары, халықаралық сарапшылар, іскер топтар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысуда.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу