2030 жылға қарай газдандыру деңгейі 65%-ға дейін жеткізіледі – Энергетика министрі

262

Биыл газдандыру жұмыстарын жалғастыруға 90,4 млрд теңге бөлінген. 

2030 жылға қарай газдандыру деңгейі 65%-ға дейін жеткізіледі – Энергетика министрі Фото: Inbusiness.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Сенатта өткен Парламенттік комиссия отырысында елімізде инвесторлармен жүзеге асырылатын газ жобаларын атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2030 жылға қарай халықты газдандыру деңгейін 65%-ға дейін жеткізу жоспарланған.  2023 жылдың қорытындысы бойынша халықты газдандыру деңгейі 60%-ды құрады. Осылайша 12 млн адам газға қол жеткізе алады. Биыл газдандыру жұмыстарын жалғастыруға 90,4 млрд теңге бөлінді, бұл 244 мың адамды газбен қамтамасыз етуге немесе газдандыру деңгейін 61,1%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді", - деді ведомство басшысы.

Сөзінше, республикада ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Аталған жобалардың қатарында "Бейнеу – Бозой – Шымкент" магистральдық газ құбырының 2-ші желісін салу (жылына 15 млрд м3), "Ақтөбе-Қостанай" магистральдық газ құбырын салу (жылына 4,1 млрд м3), "Сарыарқа" газ құбырының 2, 3, 4 кезеңдерін салу (жылына 1,7 млрд м3), "Талдықорған-Үшарал" магистральдық газ құбырын салу (жылына 385 млн. м3) бар.

"Бұл жобаларды іске асыру үшін сыртқы инвестицияларды тарту жоспарда бар. Мемлекет басшысының жақында Қатарға жасаған сапары барысында "Бейнеу – Бозой – Шымкент" және "Ақтөбе-Қостанай" екінші желісін салу жөніндегі жобаларды бірлесіп іске асыру бойынша қатарлық инвесторлармен (Power International Holding) келісімдерге қол қойылды", - деп атап өтті Алмасадам Сәтқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу