2040 жылға қарай білім гранттарының саны қысқаруы мүмкін

477

Қазір мемлекеттік білім беру тапсырысы мектеп түлектерінің 40%-дан астамын гранттармен қамтуға мүмкіндік береді.

2040 жылға қарай білім гранттарының саны қысқаруы мүмкін Фото: almaty.tv

Алайда қолданыстағы тәсілдер сақталса, 2040 жылға қарай бұл көрсеткіш шамамен 15%-ға дейін қысқарады. Бұл ретте Министрлік 2020 жылдан бастап жыл сайын гранттар санын орта есеппен 10%-ға ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz.

2019 жылдан 2022 жылға дейін туу көрсеткішінің өсуін ескере отырып, 2040 жылға қарай 18 жастағы қазақстандықтар саны айтарлықтай өседі деп күтілуде. Ал Үкімет гранттар санын арттыру тығырықтан шығуға көмек бермейді деген ұстанымды ұстанып, тегін білім жастардың көбін жоғары біліммен қамтуға мүмкіндік бермейтінін алға тартады. Сондықтан биліктегілер мәселені "Келешек", "Ұлттық қор — балаларға" сынды тетіктер арқылы шешпек.

Үкімет басшысы мемлекет бұған дейін онсызда жастарға жоғары білім алуға жан-жақты қолдау көрсетіп келгенін атап өтті. Мәселен, соңғы 6 жылда университеттерде оқуға арналған гранттар саны іс жүзінде 2 есе өсті, делінген ҚР Үкіметі баспасөз қызметі хабарламасында.

"Биыл 73 мыңнан астам грант (бакалавриат) бөлінді, 2017 жылы бөлінген гранттар саны 38 мыңнан астам болған. Сондай-ақ үш жыл ішінде бір білім алушыға жұмсалатын қаражат көлемі 2019 жылғы 420 мың теңгеден 2023 жылғы млн теңгеге дейін екі есе өсті", — деді Әлихан Смайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу