2050 жылға қарай G4City қаласында 2 млн-нан аса адам тұрады – болжам

314

Жаңа шаһар Қонаев және Алматы қалаларының арасында орналасады. 

2050 жылға қарай G4City қаласында 2 млн-нан аса адам тұрады – болжам Фото: akorda.kz

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Қонаев және Алматы қалаларының арасында "G4City" жобасын жүзеге асыру қайта қолға алынды. Бұл бағыттағы алғашқы қадам – "G4 City" арнайы экономикалық аймағының құрылуы. Мұнда тамақ өнімдерін, тоқыма, былғары, қағаз бұйымдарын, құрылыс материалдарын өндіру және логистикалық жобалар жүзеге асырылады. Нәтижесінде құны 3,7 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту, 3,2 трлн теңге салық түсімдері, сондай-ақ 34 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр", - деді аймақ басшысы.

Оның сөзінше, арнайы экономикалық аймақтың аумағы 30 мыңнан 96 мың гектарға дейін ұлғайтылады.
 
"G4 City" қаласына келер болсақ, бұл жобаның Іле, Талғар аудандары мен Қонаев қаласының аумағын қамтуы инвесторларға қолайсыздық туғызып отыр. Сондықтан Президенттің тапсырмасына орай "G4 City" қаласын жеке әкімшілік бірлік ретінде құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның аумағы 88 мың гектарды құрайтын 4 аймаққа бөлінеді. Атап айтқанда, іскерлік және қаржы орталығы, өнеркәсіп және логистикалық хаб, ғылым және медицина хабы, туризм және сауықтық орталық. 2050 жылға қарай 2 миллионнан астам адам тұрады деп болжанып отыр", - деді Марат Сұлтанғазиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу