2050 жылға қарай қатерлі ісік өлім-жітімі 75%-ға артуы мүмкін

151

 Бұл туралы The Lancet медициналық журналында жарияланған жаңа зерттеуде айтылды. 

2050 жылға қарай қатерлі ісік өлім-жітімі 75%-ға артуы мүмкін Фото: Точка

2050 жылға қарай қатерлі ісіктен көз жұматындар саны 75%-ға өсіп, жылына 18,6 миллион адам қайтыс болуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ғалымдардың болжамынша, сол уақытқа дейін жыл сайын анықталатын жаңа онкологиялық жағдайлар саны 30,5 миллионға жетпек.

Зерттеушілердің айтуынша, ең көп зардап шегетіндер – табысы төмен елдер. Алдағы 25 жылда мұндай мемлекеттерде барлық жаңа ауру жағдайларының жартысынан астамы тіркеліп, өлім-жітімнің екіден үш бөлігі осы елдердің үлесіне тиеді.

Зерттеу аясында 1990 жылдан 2023 жылға дейінгі аралықта қатерлі ісіктің 47 түрі қарастырылған. Ғалымдар қазіргі онкологиялық өлімнің 40%-дан астамы өзгертуге болатын қауіп факторларына байланысты екенін атап өтті. Олардың қатарында:

  • темекі шегу,
  • дұрыс тамақтанбау,
  • қандағы қант деңгейінің жоғары болуы бар.

Сарапшылардың пікірінше, ахуалды жақсарту үшін қатерлі ісікті ерте әрі дәл анықтау, сондай-ақ сапалы емдеуге және қолдаушы күтімге қолжетімділікті арттыру аса маңызды, әсіресе табысы төмен елдерде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу