21 елден келген сарапшылар бидай нарығына қатысты мәселелерді талқылайды

738

21 елден келген сарапшылар бидай нарығына қатысты мәселелерді талқылайды

16 наурызда Астанада KazGrain 2018 халықаралық конференциясында Қазақстандық бидай дақылдарын жетекші өндірушілері, сонымен қатар бидай сауда логистикалық компанияларының өкілдері, салалық ассоциациялар мен халықаралық сарапшылар жиналады, деп хабарлайды "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰҚ" АҚ-ның баспасөз қызметі.

Әлемнің 21 елінен келген өкілдер бидай мен ұнның әлемдік және қазақстандық нарықтарының үрдістерін, сонымен қатар Қазақстанның экспорттық нарығы жағдайы мен бидай секторының жаңа бағыттарын дамыту мен сату нарықтарын нығайту сұрақтарын талқыға салады. Сондай-ақ, маңызды сұрақтардың бірі логистика  болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу