21 мамырдан бастап Есілде кемемен серуендеу маусымы ашылады

1048

21 мамырдан бастап Есілде кемемен серуендеу маусымы ашылады

Тыныштықты сейілтетін навигация маусымы 21 мамыр күні сағат 12:00-де басталады. Салтанатты рәсім "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы тәрбиеленушілерінің қатысуымен өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты "Есіл-Астана" МҚКК сілтеме жасап.

Есіл өзенінде кемемен серуендеу маусымы 21 мамырдан 31 қазанға дейін жалғасады. 

Қала тұрғындары мен қонақтарына кәсіпорын флотындағы ыңғайлы алты кеме қызмет көрсетеді, оларға жалпы 265 жолаушы сыяды. 

Амфитеатр ауданына жаяу жүргіншілер көпірінің құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне  байланысты,  Астана әкімдігі кемеге отыру орнын уақытша Кенесары ескерткіші маңынан ашты. 

Есіл өзеніндегі кемемен жүзу бағдарының уақытша ұзындығы үш шақырым, ал серуеннің ұзақтығы 25-30 минут. Ал, уақытша билет құны нақтыланды. Ол 7-16 жас аралығындағы балалар үшін 250 теңге, ересектерге 500 теңге.

Көпір құрылысы аяқталған соң "Есіл-Астана" МҚКК мекемесі жылдағы дәстүр бойынша алдын ала белгіленген маршрут бойынша Кенесары ескерткішінен төмен орналасқан айлақтан бастап Ақ ордаға дейін жалғасады. Ол кезде бағыт ұзындығы 18.8 шақырымды құрап, ересектер үшін билет құны 1000 теңге, ал балалар үшін 500 теңгені құрайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу