210 800 салымшы БЖЗҚ-дан 1 трлн теңге алды

644

Жыл басынан бері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) активі  2,3%-ға азайды. 

210 800 салымшы БЖЗҚ-дан 1 трлн теңге алды

Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі. 

"БЖЗҚ активі халықтың қаражатты мерзімінен бұрын алуына байланысты 
12,6 тлрн теңгеге кеміп, 2,3%-ға азайды. Салымшылар енгізген зейнетақы жарнасының көлемі 299,1 млрд теңгені, зейнетақы төлемі 77,1 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері есептелген инвестициялық табыс мөлшері 367,2 млрд теңгеге жетті. Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша инфляция 1,9% болғанда 2,8% мөлшерінде кірістілік алынды. Инвестициялық қызмет, сондай-ақ зейнетақы активін нарықтық және бағамдық қайта бағалау нәтижесінде нақты кірістілік қамтамасыз етілді", – деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банк басшысының баяндауынша, 9 сәуірдегі жағдай бойынша 210 800 салымшы БЖЗҚ-дан 1 трлн теңге алған. 

"Азаматтар жинақтарының 99,4%-ын тұрғын үй мәселесін шешуге жұмсады.
4 басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруына зейнетақы қорынан 2,5 млрд теңге берілді", – деді Ұлттық банк төрағасы.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу