212 млн теңгенің затын жүк пойызынан ұрлағандар сотталды

138

Қылмыстық топ мүшелері 2025 жылғы сәуір айында ұсталған.  

212 млн теңгенің затын жүк пойызынан ұрлағандар сотталды Фото: ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті

Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарынан құралған алты адамнан тұратын қылмыстық топ жүк пойызының контейнерлерінен 212 миллион теңгенің затын ұрлаған, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында олардың 2024 жылғы тамыздан 2025 жылғы сәуірге дейін "ҚХР-Еуропа" халықаралық бағытындағы пойыздардан жүк ұрлап келгені анықталды. Ұрланған заттардың ішінде бейнебақылау камерасы, бала арбасы және көлік бөлшектері болған.

Қылмыстық топтың мүшелері материалдық шығынды толық өтеді.

Жалпы олардың 4 ұрлыққа қатысы барлығы дәлелденіп сот шешімімен әрқайсысына 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу