219 ауыл ауыз суды жеке құдығынан алып отыр

320

Бұл ауылдардағы халық саны аз. 

219 ауыл ауыз суды жеке құдығынан алып отыр Фото: Жайық пресс

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов қанша ауылда ауыз су жоқ екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер "Елімізде қанша ауыл ауыз сусыз отыр?" деп сұрады.

"Бізде жеке құдығынан су алып отырған 219 ауыл бар. Бұл – халық аз қоныстанған елдімекендер. Қостанай облысында Мичурин деген ауыл бар. Онда жоба дайындалып, құрылыс-монтаж бастайтын кезде тұрғындар "бізге бұл керек емес, өзіміздің құдығымыз бар" деп айтқан. Нәтижесінде ол жоба бұл ауылдарда жасалған жоқ. 19 елдімекен суды сырттан тасып ішіп отыр", – деді Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов.

Вице-министр бұл ауылдарда халық саны аз екенін айтты.

"Жетісу облысындағы Керегетас разъезінде – 5 адам, Қайрақтас стансасында – 25 адам, Қостанай облысындағы Семилетка ауылында 52 адам тұрады. Ұлытау облысындағы № 66, 60, Сәтбаев разъездерінде 4-7 адамнан ғана тұрады", – деп атап өтті ведомство өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу