22 компания 28 млн доллардың тауарын сатуды жоспарлап отыр

668

Alibaba халықаралық платформасына еліміздің 50 кәсіпкері "Алтын жеткізуші" ретінде тіркелді. 

22 компания 28 млн доллардың тауарын сатуды жоспарлап отыр

Cауда және интеграция министрлігі "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, "Интернет-экспорттаушы мектебі" бағдарламасы аясында 200 адамға электронды сауда алаңдарында бизнес жүргізудің практикалық машығын меңгертті. Бұл бастама отандық компанияларды халықаралық электронды платформаларда ілгерілету үшін қажет болды. Үкімет отырысында министр Бақыт Сұлтанов осылай деді. 

"Іс барысында Alibaba халықаралық платформасына "Алтын жеткізуші" ретінде тіркеу үшін 50 компания іріктелді. Жыл соңына дейін тағы 50 компанияға осындай мүмкіндік беріледі", – деді Бақыт Сұлтанов.

Оның сөзінше, "Алтын жеткізуші" деп танылған отандық 50 компанияның 22-сі биыл 83 жұмыс орнын құрып, Alibaba халықаралық платформасы арқылы 28 млн доллардың тауарын сатуды жоспарлап отыр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу