220-дан астам алматылық QNET қаржы пирамидасының құрбаны болды

820

Алматы полициясы QNET қаржы пирамидасының басшыларына қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

220-дан астам алматылық QNET қаржы пирамидасының құрбаны болды

"Жұртшылықты хабардар ету мақсатында Алматы қаласы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай ресстрінде тіркелген Qnet компаниясының қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы "Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару" бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлаймын", – деді Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Тергеу барысы ҚР Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласы прокуратурасы және Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

"Qnet Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайды, банктік операциялар және инвестициялық қызметке лицензиялар мен басқа да рұқсаттары жоқ", – деп қосты спикер.

Қазірдің өзінде Qnet компаниясы материалдық шығын келтіргені туралы құқық қорғау органдарына 220-дан астам адам арызданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу