23 маусымнан бастап Нұр-Сұлтанда барлық балабақша жабылады

833

Егер балалардың қасында қалдыратын ешкім болмаса, ата-аналардың бірі қашықтан жұмыс режиміне ауысуы керек. 

23 маусымнан бастап Нұр-Сұлтанда барлық балабақша жабылады

Қаланың санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның шешіміне сәйкес, 23 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында барлық балабақшалардың жұмысы меншік нысанына қарамастан (мемлекеттік және жеке меншік) тоқтатылады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Бұрын балалар санын бір топта 15 адамнан асырмау тәртібімен балабақшалар кезекші топтарда жұмыс істейтін. Эпидемиологиялық жағдайды және тәрбиешілердің COVID-19 жұқтыру фактілерін ескере отырып, балабақшалардың қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

Егер балалардың қасында қалдыратын ешкім болмаса, ата-аналардың бірі қашықтан жұмыс режиміне ауысуы керек.

Карантин кезеңінде балалардың жалпы санының тек 20%-ы балабақшаларға (мемлекеттік және жеке) барды. Қабылданған шаралар тек балалардың денсаулығын сақтауға және инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу