23 мемлекетпен арадағы рейстер қайта ашылды

613

Бүгінгі таңда ішкі рейстер толықтай қалпына келтірілген.

23 мемлекетпен арадағы рейстер қайта ашылды

ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері авиация саласында былтырмен салыстырғанда негізгі көрсеткіштер біршама өскен. 2021 жылдың 9 айында тасымалданған жолаушылар саны 81%-ға артып, 6,9 млн адамға жеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 70%-ға артып, 12,6 млн адам (2020 жылдың 9 айында – 7,4 млн адам, 2019 жылдың 9 айында – 12,3 млн адам) болды.

Бүгінгі таңда ішкі рейстер толықтай қалпына келтірілген (аптасына 57 бағытта 744 рейс).

"23 мемлекетпен (Түркия, Корея, БАӘ, Беларусь, Украина, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Египет, Ресей, Грузия, Тәжікстан, Польша, Нидерланды, Черногория, Армения, Ұлыбритания, Венгрия, Мальдив, Әзірбайжан, Катар, Шри-Ланка, Таиланд) арадағы халықаралық рейстер (аптасына 63 бағытта 247 рейс) қайта ашылды. Орташа есеппен алғанда ішкі бағыттарда күніне 106 рейс, халықаралық бағыттар бойынша 35 рейс орындалады", – деп жазылған ИИДМ мәліметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу