23 мыңнан астам украиналық азамат АҚШ-қа көшуге рұқсат алды

686

Джо Байден әкімшілігінің украиндық босқындарға арналған жаңа бағдарламасы аясында 23 мыңнан астам украиндық АҚШ-қа кіруге рұқсат алды, деп хабарлайды CNN.

23 мыңнан астам украиналық азамат АҚШ-қа көшуге рұқсат алды

"АҚШ ішкі қауіпсіздік департаментінің мәліметінше, 23 мыңнан астам украин жаңа бағдарлама бойынша АҚШ-қа кіруге рұқсат алды", – делінген хабарламада.

Телеарна олардың 6 мыңы АҚШ-қа келгенін айтады.

Байден әкімшілігі бұған дейін 100 мыңға жуық украиналықты қабылдауға уәде берген.

Сәуірдің басында АҚШ президенті Украинадан босқындарды қабылдау бағдарламасын жариялады, бұл олардың Америка аумағына көшуін тездетуге мүмкіндік береді. Көшетін адамның америкалық "демеушісі", яғни оған көмек көрсететін отбасы немесе ұйым болуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу